Маңғыстау мен Атырау облыстарының аз қамтылған отбасылары және балалар үйінің 200 баласы жазда НКОК компаниясының жүзеге асырып отырған қайырымдылық жасау әлеуметтік бағдарламасының (ҚӘБ) аясында тегін демалып келді.
Маңғыстау облысының 100 баласы Іле Алатауында орналасқан «Өрнек» лагерінде (Алматыдан 30 шақырым) 15 шілдеден 3 тамызға дейін демалды. Ал Атырау облысының 100 баласы 5-24 тамыз аралығында каникул күндерін өткізетін болады.
Лагерьде балалардың шығармашылығын дамытуға арналған арнайы бағдарлама бойынша шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды. Балалар, сондай-ақ, баскетбол, бадминтон және волейбол алаңқайлары, футбол алаңдарында түрлі ойындар ойнай алады.
2012 жылы НКОК ҚӘБ аясында 92 жоба жүзеге асырды, олардың 51-і Атырау облысында жүргізілді. 2009 жылдан бері жыл сайын ҚӘБ-ға $ 1,8 млн қаржы бөлінеді. Бұл сома Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА