ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарында қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау бөлімшелері құрылды.
Бөлімше жұмыстарының негізгі бағыттарының ішінде қаржылық қызметтерді және шағын қаржылық ұйымдардың қызметтерін көрсету/тұтыну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары, осы қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру сияқты шаралар бар.
Ұлттық банкі Атырау филиалының деректері бойынша, бөлімше ашылған сәттен бастап, мұнда қазірдің өзінде төрт шағым келіп түскен. Олардың біреуі заңды тұлғадан, үшеуі жеке тұлғалардан келген. Сұрақтарыңыз туындаса, Уәлиханов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан Ұлттық банкі филиалына немесе келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 32-85-74, 32-23-10.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА