Атырау, 26 қараша 05:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңа оқу жылы және ескі міндеттер

4 529 просмотра

20 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде облыс педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Конференцияда сөз сөйлеген облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, 1-6 жас аралығындағы балаларды балабақша орындарымен қамтамасыз ету 55,1%-ды құрады, одан жоғары жастағы балаларды мектепке даярлау қажеттілігін ескерсек, бұл пайыз 78,1-ге артады. Үстіміздегі жылдың басынан бастап 250 орындық 7 жеке меншік балабақша ашылды. 10 жаңа мектеп пен 9 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Облыста барлығы 201 мектеп, 130 балабақша, 239 шағын орталық, 29 қосымша білім беру мекемесі және 4 лагерь жұмыс жасайды. 11 апатты мектеп бұзылып, орнына жаңа мектеп салынатын болады.
ҰБТ-2013 нәтижелері өткен жылға қарағанда жоғары болды. Демеушілік көмектің арқасында 30 үздік түлек Уфа техникалық университетінде білім алады.

Биыл 6 колледж жанынан 700 орындық жатақхана құрылысы жоспарлануда. 45 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, 90 мектепке спорт залдары мен спорт алаңдарына қажетті құрал-саймандар сатылып алынады. Өткен оқу жылы 37 мыңнан аса бастауыш сыныптар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2013-14 оқу жылында да бұл тәжірибе жалғасын табады, 162 мектеп асханасына жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, 142 білім беру нысанына 2234 компьютер берілетін болады.

Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ.Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ.Облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ педагогтар алдына қойылып отырған міндеттерді атап өтті. Ең алғашқы кезекте, бұрынғыша, білім беру сапасын арттыру – мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды белсенді қолданулары керек. Өткен жылдан бері облыста үздік жалпы білім беру мекемесі байқауы өткізіліп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақ-түрік мектебі үздік атанса, биыл облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жеңіске жетті. Мектеп директоры Амангелді ШАЛАБАЕВҚА оқу-әдістемелік базаны жақсарту үшін 15 млн теңгеге жуық сомаға сертификат табыс етілді.

Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ, №30 мектеп-гимназияның директоры Лидия ЛИГАЙ, М. Әуезов атындағы мектептің (Индер ауданы) директоры Мансара КИІКБАЕВА, №1 мектеп-интернаттың директоры Сәния МУСИЕВА, №3 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың директоры Бибігүл АМАНҒАЛИЕВА және Татьяна ИМЯРЕКОВА Алтынсарин атындағы төс белгімен марапатталды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.