Атырау, 26 желтоқсан 15:53
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак бостандыққа жіберілді

1 582 просмотра

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Каир соты Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәракті қамаудан босатты, деп хабарлайды РБК.

Сот бұрынғы президенттің қорғаушысының өтінішін қанағаттандырды деп ақпараттандырды Al Arabiya телеарнасы.

Х. Мүбәрак 2011 жылғы оқиғада қаза болған ереуілшілердің өліміне қатысты айыпталып өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Мысырдың көп жылғы басшысы 2011 жылдың ақпа айында мемлекеттік төңкеріске әкеп соқтырған наразылық акциясынан кейін отставкаға кетті.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2013, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.