Атырау, 25 сәуір 05:14
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мүбәрак бостандыққа шыға ма?

734 просмотра

Египеттің экс-президенті Хұсни Мүбәрак келесі аптада бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы оның қорғаушысы мәлімдеме жасады.

 Айта кету керек, Хұсни Мүбәракқа «2011 жылы бейбіт халыққа қарсы оқ атты» деп айып тағылғаны белгілі. Сонымен қатар Мүбәрак жемқорлыққа қатысты да айыпталып отыр.  Осы жылдың сәуір айында Каирдың қалалық соты экс-президентті түрмеден үйқамаққа шығару туралы шешім шығарғанымен, ол орындалған жоқ. Қорғаушының бұл мәлімдемесі алайда күмәнді. Өз кезегінде елдің Бас прокурорының ресми өкілі «қазір тергеу жүріп жатқандықтан, оның бостандыққа шыға қоюы екіталай»  деп отыр.

Шын мәнінде, Мүбәрак 2011 жылдың қаңтар-ақпанында елдің әртүрлі қалаларында болған шерушілерді қуып таратқаны үшін қамауға алынғаны белгілі. 84 жастағы экс-президент қазір төсек тартып жатыр. Тіпті оны арнайы әскери тікұшақпен тергеу ісіне де жеткізгені белгілі. Өмір бойы бас бостандығынан айырылған Мүбәрак алайда өзін кінәлі сезініп отырған жоқ. Оның ойынша, бүгінгі биліктегілер өздерін ақтап алу үшін оны түрмеге тықты. Расында, Мүбәрак тақтан тайдырылғаннан кейін де, елде тыныштық орнай қойған жоқ. Тағы бір билік орнынан кетіп,  орнына әскерилер келді. Қазір Египетте – коменданттық сағат. Күн сайын кісі өлімі, тұрғындар тынши қойған жоқ.

Дереккөз: aikyn.kz

21 тамыз 2013, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.