Израиль мен Палестина арасында кезекті мәрте бейбіт келіссөздер жүргізілді.
Бұл 3 жылдық үзілістен кейінгі отырыстың үшінші кезеңі. Аталған кездесу де құпия түрде өтті. Бұған дейін келіссөз 14 тамызда өткен болатын. 2010 жылы тоқтатылған диалогты қайта жаңғыртатынын екі ел шілденің аяғында жариялады. Жалпы бұл келіссөздер 9 айға созылады деп күтіліп отыр.
Дереккөз: 24.kz