Атырау, 6 қазан 21:39
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Чехияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

1 693 просмотра

Чехияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Еуроньюс телеарнасы.

Төменгі палата депутаттары заң шығарушы органды мерзімінен бұрын тарату жөнінде ұсынысты дауысқа салды. Қажетті дауыс 120 болса, ұсынысты қолдағандар саны 140-қа жетті. Парламентті таратуға тек 7 депутат қана қарсы болған. Бұрынғы биліктегі Азаматтық демократия партиясының өкілдері ұсынысқа қарсылық ретінде дауыс берерден бұрын залдан шығып кеткен.

«Парламент тарайтын болса бұл социал-демократтардың жеңісі болмақ. Алдағы сайлауда халық бізге дауысын беретініне сенімдімін», деп отыр Чехияның оппозициялық социал-демократия партиясының жетекшісі.

Төменгі палатаның тарату мәселесі «техникалық кабинет» аталған Иржи Руснокқа депутаттар сенімсіздік білдірген соң көтерілген болатын.  Бұл кабинет Петр Нечас үкіметінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-дамаймен отставкаға кеткен соң жасақталғаны белгілі. Сайлау таяу 60 күннің ішінде өткізілуі тиіс. Нақты сайлау күнін ел президенті Милош Земан жария етеді.

Дереккөз: bnews.kz

21 тамыз 2013, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.