Қазақстанда талапкерлерге жоғары оқу орындарына оқу үшін мемлекеттік оқыту гранттарын беру байқауы аяқталды. Биыл 35 053 грантбөлінді, Атырауоблысының еншісінде -1156.
Байқауда бір орынға орта есеппен 2,23 адам таласты.Ең көп бәсекелестік келесі мамандықтар бойынша тіркелді: «Аударма ісі» (орыс бөлімі) - бір орынға 65,75адам; «Алғашқы әскери дайындық» (қазақ бөлімі) - 28,5; «Биология» (қазақ бөлімі) - 17,28; «Өалықаралық қатынастар» (орыс бөлімі) - 16,4; «География» (қазақ бөлімі)- 14,48.
Байқауға Атырау облысынан2 251 талапкер қатысты. Бұлар–ҰБТ-дан өткен биылғы мектеп бітірушілер мен мектепті алдыңғы жылдары бітірген, колледждер мен орта арнайы оқу орындарын бітіргендер үшін ұйымдастырылатын кешенді тестілеуден өткендер.
- Биыл кешенді тестілеуге2 575 адам қатысты. 1 271 талапкер өту балын(50-ден жоғары) жинады, бұл - 49,3%,- дейді АМУ қабылдау комиссиясының төрағасыСаламат ИДРИСОВ, - Нәтижесінде Атырау облысының талапкерлері1156 грантқа ие болды.
Айта кетсек, 221 грант иесі АМУ-да оқитын болса, 358-і АМжГ-да, ал қалғандары басқа қазақстандық қалаларда білім нәрімен сусындайтын болады.
Тамара СУХОМЛИНОВА