Атырау, 24 сәуір 10:28
 бұлттыВ Атырау +22
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

​Құтқарушылар қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованы іздестіру жұмыстарын қайта бастады

562 просмотра

2024 жылдың 18 қазанында із-түзсіз жоғалып кеткен азаматша Яна Легкодимованы іздеу жұмыстары 2025 жылдың 20 наурызынан бастап қайта жанданды, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

5 сәуірде іздестіру жұмыстарына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 бірлік техника, 2 жүзу құралдары және Батыс-Қазақстан облысынан 6 құтқарушы, 1 техника, 2 жүзу құралдары қосылды.

Іздестіру жұмыстарына күнделікті 23 қызметкер, 5 техника, 7 жүзу құралдары жұмылдырылуда.

Ағымдағы жылғы 20 наурыздан бастап осы күнге дейін 138 сүңгуір жұмыстары жүргізіліп аумағы 21070 шаршы метр болатын су асты қаралды, сонымен қатар ұзындығы 3,4 шақырым болатын су түбін тралдау жұмыстары жүргізілді.

8 сәуір, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.