Пәкістанда елдің бұрынғы президенті Первез Мушаррафқа 2007 жылы экс-премьер Беназир Бхуттоны өлтіруге қатысты деген айып тағылды, деп хабарлайды РБК.
«Егер П.Мушаррафтың кінәсі дәлелденсе, Пәкістанның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Б.Бхутто 2007 жылы Равалпинди қаласында сайлау алды шеруі кезінде өлтірілген болатын. Тергеу мәліметі бойынша, П.Мушарраф Равалпиндидің полиция басшысына сапары қарсаңында күзет режимін босаңсытуға бұйрық берген.
П.Мушарраф Пәкістанды 1999-2008 жылдары басқарды. Биліктен кеткеннен кейін 2008 жылы шетелге кетіп, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбританияда тұрды.
2013 жылдың 24 наурызында П.Мушарраф араға 5 жыл салып еліне оралды. 19 әуірде 2007 жылы Жоғары сот өкілдерін заңсыз ұстады және Б.Бхуттоны өлтіруге қатысты деген күдікпен ұсталды.
Дереккөз: bnews.kz