16 тамыздан бастап Жайық пен Қиғаш өзендерінде күзгі балық аулау маусымы ашылды. Каспийдің солтүстік бөлігінен балық аулау 1 қыркүйекте басталады. Теңізде, сондай-ақ өзенде балық аулау мұз тұрғанға дейін жалғасады.
14 тамызда өткен балық аулау маусымының басталуына арналған балық аулау артельдерінің басшылығымен болған жиналыста Жайық-Каспий бассейні балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Әлібек БҰХАРБАЕВ жайсыз хабар айтты – көктемде облыс балықшылары 2013 жылғы лимиттің тек 14%-ын ғана орындаған. Ол сондай-ақ, балықшыларға заңнамалардың қатаңдығын айтып, түсіндіріп өтті.
- ҚР «Жануарлар әлемін қорғау, қайта өндіру және қолдану туралы» Заңының 30-бабында табиғатты пайдаланушылардың заңнамаларды бірнеше рет бұзған жағдайында балық аулау шарттарын бұзу қарастырылған. Көктемде мен сіздерге ескерткенмін(«Мәселені төтесінен қойды» мақаласын қараңыз). Ең көп таралған бұзушылық – кәсіпшілік жорналдарыңыздың жоқтығы. Бұдан әрі заң бұзушылықтарыңызға төзбейтін боламыз.
...Тартым бастарын тазалықта ұстап, көрнекіліктеріңізді жаңалаңыздар. Біз барлығыңызға нақты нұсқаулықтарды жібердік, тек соны орындауларыңыз қалды. Балық аулау маусымы аяқталған бойда, тартымды тастайсыздар да, мүлдем қарамайсыздар. Ал сіздердің учаскелеріңізде браконьерлер кәсіпшілік қылып жүр. Қорықшылық қызметтеріңіз не қарайды? Осылардың кесірінен балық қорғау инспекциясын жұмыс жасамайды деп кінәлайды.
...Көктемде біз әр қайық үш вентерден салсын деп талап еткенбіз. Осыған байланысты бірталай наразылықтар айтылды («Мәселені төтесінен қойды-2» мақаласын қараңыз). Енді біз осы аулау құралын қайықтағы әр балықшығатоғыз данадан салуға рұқсат береміз. Ауланған балықты тапсыру тек күндізгі уақытта ғана рұқсат етіледі.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват басшысының орынбасары Арман ҚҰРМАНБАЕВТЫҢайтуынша, балықшылар қайығы теңізге сол жақ жағалауға Зарослый арнасы арқылы, оң жақ жағалауға №№4,5,6 жыралар арқылы шығады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті 2009 жылдан бері ҚР ҚР Әкімшілік кодексінің298-бабы(Заңсыз балық аулау) бойынша айыппұлдарын төлемей жүрген 200 адамның «қара тізімін» ұсынды. Бұл бап бойынша айыппұлдар 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткішті (2013 жылы АЕК 1 731 теңгеге тең) немесе екіден бес айға дейінгі кезеңде алатын жалақыны құрайды.
- Егер қайықта айыппұл төлемеген балықшы болатын болса, теңізге жіберілмейтін болады, - деп қорқытты А. Құрманбаев.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ