Атырау, 20 сәуір 02:00
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мәселені төтесінен қойды

2 078 просмотра

Әйелдер күні қарсаңында балық аулау кооперативтерінің көпшілігіне алға қарай балық аулау шарттарының бұзылатындықтары туралы мәлімдеді.

Іс өткен маусымда балық аулауды жүзеге асырған 14 балықшы артельдеріне қатысты. Қалада биліктің балық аулау тартымдары иелеріне жасаған қысымдары туралы әңгімелер пайда болды.

7 наурызда Жайық-Каспий бассейні облысаралық балық шаруашылығы инспекциясында кооператив басшыларының жиналысы өтті.

Балық қорғау инспекциясының бастығы Әлібек БҰХАРБАЕВ келгендерге: «Біз сіздердің құқықбұзушылықтарыңызға көптен шыдап келеміз. Жақында өзімізді табиғат қорғау прокуратурасы тексерді. Олар бізге тек қатардағы балықшыларға ғана айып салатынымызды, ал басшылары жазасыз қалатыны туралы айтты. Сондықтан да өткен жылы анықталған барлық бұзушылықтар туралы материалдарды біз әкімшілік сотқа жібердік. Сіздерге айыппұл сала ма немесе балық аулау шарттарын бұза ма, енді сол жақ шешеді», - деді.

Бұл сөздер залдағылардың наразылықтарын тудырды. «Інжу-Маржан» ЖШС-нің директоры Гүлфара ИСМАҒҰЛОВА: «Сотта біз осы бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайды екен деген пікір қалыптасуы мүмкін. Балық қорғау инспекциясының біздерге әкімшілік материалдарды қалай жинайтыны бәріне белгілі. Ескерту де берген жоқ, енді, міне, сотқа беріп отыр», - деп кейіді.

«Жамбыл» кооперативінің өкілі: «Инспекция қызметкері өз «жоспарын» орындау үшін, біздің балықшыларға, айыппұлды өзім төлеймін деп, жалған бұзушылық хаттамаларына қол қоюға үгіттеген. Осылайша ол бір қызметкерімізге балық аулау үдерісін теріс құжаттағаны үшін материал жасаған. Біздің кооперативке тіркелген басқа екі бұзушылық қайық моторының қуаты бойынша нормалар сақталмауына байланысты. 40-тық мотордың орнына 55-тік мотор қойылған», - деді.

«Ракуша» кооперативінің өкілі де осындай әрекеттер туралы айтты: «Біздің кооперативке 2 материал жасалған. Бір рет, біздің балықшылар қайық моторы бұзылып қалғанда, үйге жету үшін қуаты 10 а.к.б. мотордың орнына 15 а.к.б. мотор салған. Тағы бір жағдайда бір балықшы жұмыстан кейін өзеннің тыйым салынған жерінде қармақпен ұсталған. Бұл жерде кооперативтің қандай қатысы бар?».

Инспекция басшысы тағылып отырған айыптарды жоққа шығарды. «Инспекторлар жалған хаттама толтыратыны жөнінде маған ешкім айтқан жоқ. Телефон соғуларыңыз керек еді. Алайда балықшылардың «қазандық» балық алатындары өтірік емес қой! Егер кінәлі болмасаңыздар, сотқа барыңыздар да, дәлелдеңіздер».

Әрі қарай ол: «Сотта іс шарттарды бұзуға дейін бармайды деп ойлаймын. Айыппұл салса, төлеңіздер. Бастысы, енді бұзушылықтарға жол бермеңіздер. Естеріңізде болсын, қай кооперативте балық аулау лимитін игеру 25%-дан кем болса, аулау көлемі кері алынып, басқа кооперативтерге бөлініп беріледі. Бұрын бұл шектік 30%-ды құраған».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.