Атырау, 11 сәуір 2302
 ашықВ Атырау +11
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Көліктен түкіргенді камера тіркемейтіні өкінішті

797 просмотра

Күнделікті көшеде, бағдаршам маңында немесе көлік тығыз орналасқан жерлерде кейбір жүргізушілердің әрекеттері еріксіз назар аударады. Соның ішінде, ең жиі кездесетін әрі жағымсыз көріністердің бірі – көлік есігін ашып, көпшіліктің көзінше түкіру немесе сіңбіріну.

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғыны Асқар есімді оқырман бұл әрекеттердің айналадағы адамдарға, әсіресе балалар мен жастарға теріс әсер ететінін айтып, өзінің пікірін білдірді. Оның айтуынша, қаламыз таза әрі көркем болуы үшін әркім ең алдымен өзін тәрбиелеуі керек.

– Біз балаларға үйде, балабақшада, мектепте тазалық пен мәдениеттің маңызын түсіндіреміз. Бірақ ересектердің өзі сыртта үлгі бола алмаса, ондай тәрбиенің не мәні қалады? Бағдаршам маңына қойылған бақылау камералары осындай әрекеттерді тіркеп, шара қолдана ма? – дейді Асқар.

Бұл сауалға жауап алу үшін біз Атырау облыстық Полиция департаментіне хабарластық. Жедел басқару орталығының мәліметінше, қазіргі уақытта бақылау камералары арқылы мұндай құқықбұзушылықтар тіркелмеген. Алайда ондай жағдай анықталған кезде, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша жауапқа тартылады. (Кодекстің бұл бабы - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді - автор).    

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 сәуір, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16