
8-9 сәуір күні магистралды жылу желілерінде жылу тасымалдағыштың есептік температурасына жоспарлы сынақ жүргізілуіне байланысты, «Атырау жылу жүйелері» АҚ тұрғындарға сақтық шараларын ұстауға шақырды.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ хабарлауынша, сынақ кезеңінде жылыту және ыстық сумен жабдықтау желілерінде температура параметрлері көтеріледі. Сондай-ақ, үй-жайлардың ішкі температурасын төмендету мақсатында оларды қарқынды желдетуді ұсынылады.
- Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін термиялық күйік алудан сақтану мақсатында жылу құбырларына 10 метрден кем қашықтықта жақындамау, қауіпті аймақта балаларды, үй жануарларын, автокөлікті және басқа да жеке заттарды қараусыз қалдырмауды сіздерден өтініп сұраймыз. Жылыту тұрбақұбырларында судың ағуы мен құбыр жарылуы болған жағдайда, 32-22-58, 99-43-98, 99-43-07 телефондары бойынша бізге дереу хабарлауды сұраймыз, - дейді «Атырау жылу жүйелері» АҚ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ