Атырау, 11 сәуір 1910
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Beeline Атырау облысында байланысты қалай жақсартуда

817 просмотра

2024 жылы Beeline Қазақстан компаниясы Атырауда және Атырау облысында 306-дан астам базалық станцияны салып, жаңартты. Нәтижесінде, байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді, соның ішінде қаланың– Жұлдыз, Жұмыскер, Привокзал, Подхоз, Алмагүл аудандары мен басқа да жерлерде, сондай-ақ Индербор, Исатай, Махамбет, Қаратон, Жанбай, Тандай, Забурунье ауылдары мен басқа да ауылдық елді мекендерде байланыс сапасы жақсарды.

Бұл ретте, компания «ақ дақтарға» — бұрын сигнал нашар болған аймақтарға ерекше назар аударды. Былтыр осындай 15 нүкте жойылды. 2025 жылға бүкіл облыс бойынша тағы 90 жерде жоспарланды. Жұмыс ең алдымен ірі жол мен аудан орталықтарында жүргізіледі.

Байланыс пен интернет сапасын жақсарту тұрғындарға неғұрлым орнықты байланыс, шапшаң мобильді интернет беріп, күнделікті өмірде қажет цифрлы қызметтерді — онлайн оқуға, қашықтан жұмыс істеуге немесе мемлекеттік қызметтер алуға көмектеседі.

Байланысты жақсарту және цифрлы қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері өңірлік деңгейде де талқыланды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен «КаР-Тел» ЖШС атқарушы директоры Евгений Настрадиннің кездесуінде өңірдегі негізгі жұмыс бағыттары сөз етілді. Нәтижесінде, бірінші кезекте ауылдық жерлерде желіні дамытуға қатысты бірлескен қадамдарды қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мобильді байланыстан бөлек, компания орнықты интернетті дамытуға басымдық беруде. Атап айтқанда, Beeline GPON технологиясын белсенді түрде енгізіп жатыр. Бұл әсіресе жеке сектор мен алыс елді мекендер үшін өте өзекті. 2024 жылы Кұлсары қаласы мен Теңіз кентінде талшықты-оптикалық желілерді тарту жұмыстары аяқталды. Бұл жеке пайдаланушылар мен шағын бизнес үшін интернет сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

GPON технологиясы деректерді тұрақты әрі 300 Мбит/с-қа дейінгі жоғары жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз етеді. Мұндай жылдамдық ыңғайлы жұмыс істеуге, көлемі үлкен контентті жүктеуге және видеоны жоғары сапада көруге мүмкіндік береді.

 «Желіні дамыту тұрақты инвестицияларды талап етеді. Соңғы жылдардың өзінде Beeline Қазақстан еліміздегі мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға 330 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Атырау облысында да — қалаларда да, ауылдық жерлерде де белсенді жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтардың жақындарымен әрдайым байланыста болуы, күнделікті істерін шеше алуы және қайда тұратынына қарамастан цифрлы қызметтерді пайдалана алуы біз үшін өте маңызды»,—дейді Beeline Қазақстанның Атырау қаласындағы техникалық бөлім жетекшісі Николай Хлопцев.


Байланыс инфрақұрылымының белсенді дамуы, тұтыну көлемінің өсуімен қатар жүреді. Beeline деректеріне сүйенсек, бүгінде қазақстандықтар айына орта есеппен 22 ГБ-тан астам мобильді интернет трафигін пайдаланады. Бұл көрсеткіш әлемдік көрсеткіштен (16 ГБ) 1,5 есе көп. Ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 9 ГБ болған, осыдан мобильді байланыс пен интернетке деген сұраныстың қаншалықты жылдам өсіп келе жатқанын көруге болады.

Осы өсу қарқынын қанағаттандыру үшін, Beeline желіні дамытуға инвестиция салуды жалғастырады. Бұл тек байланыс сапасын арттыру үшін ғана емес, жүктеме өсіп жатқанда желінің орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін де маңызды. Сонымен қатар, компания өз қызметтерінің қолжетімділігін сақтап қалуға тырысады. Мысалы, әр нөмір үшін айына небәрі 3600 теңгеге мобильді байланыс пен үй интернетін пайдалануға болатын «Премиум Отбасы» тарифіне 3 немесе 5 адамды қосу мүмкіндігін ұсынады.

Сонымен қатар, Beeline-нан смартфон (айта кетейік, сертификатталған смартфон) сатып алғанда, жылдық тарифті 0 теңгеге қосуға болады, бұл — клиенттер үшін қосымша бонус. Қазақстанда IMEI-коды қате немесе ресми тіркеуден өтпеген құрылғыларды бұғаттау басталғанын естеріңізге саламыз. Ал оператордан сертификатталған смартфон сатып алу дегеніміз, тәуекелдерден аулақ болып, өз телефоныңыз үшін тыныш болу.

 


7 сәуір, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16