Жексенбі күні, 18 тамызда, «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Ақ ЖАйық» (Орал қ.) командаларының арасында футболдан ел чемпионатының кезекті матчы өтті.
Алғашқы таймда біздің футболшылар оралдықтардың ойынды басқаруына жол беріп, өздерінің алаң иелері екендіктерін көрсете алмады. Әрине, қонақтардың есеп ашуы да түсінікті болды. Хаиров сол жақ қаптал арқылы айып алаңына жетіп, Павел Черныға дәл пас беріп, ал ол өз кезегінде «Атыраудың» қақпасын дәл көздеді. Ары қарай тіпті күшейді. Қонақтар өз басымдықтарын көрсете отырып, пенальтиге ие болды, оны Коструб орындап, тағы бір ұпайға қол жеткізді. Осы екінші гол атыраулықтар үшін мұздай судай болды-ау, себебі «Атырау» осыдан кейін ұйқыдан оянғандай болды. Алаң иелерінің шабуылдары үдей түсті және заңды гол соғылды, ойын барысында болмағанмен, Данилюктің орындауындағы бұрыштама добынан кейін Павел Черны допқа қол тигізіп, Алвез төреші бекіткен пенальтиді керемет орындады. Бірінші тайм 1:2 есебімен аяқталды. Екінші таймда ойын айып алаңдарындағы күреске толы болды. Бірақ «Атырау» ойыншысы Стойчевтің Щеткинге берген ұзақ диагональды пасы ойын барысын өзгертті. Ол осы пасты 100 пайыз қолданып, есепті 2:2-ге жеткізді. Бұл ойынның 75 минутында орын алды.
Біздің ойыншылар футболда сирек орын алатын екі жіберілген голдан кейінгі жеңіске жету үшін күштерін аямады. Тіпті ойынның соңғы минуттарында гол соқты, бірақ қапталдағы төреші офсайд болғанын анықтады.
Матч қорытындысы – 2:2.
Тамара СУХОМЛИНОВА