Атырау, 11 сәуір 21:53
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Израильдің Газа секторына жасаған түнгі шабуылынан 17 адам қаза тапты

504 просмотра
Сурет: Анадолы агенттігі

Израиль армиясының Газа секторына жасаған түнгі шабуылдары салдарынан 17 палестиналық қаза тапты, олардың ішінде бір БАҚ қызметкері, 6 әйел және 4 бала бар, деп хабарлайды АА.

Шабуыл нысаналарының бірі Дейр-эль-Балах қаласы және басқа да аймақтар болды. Сондай-ақ, Хан-Юнус қаласындағы Насер ауруханасының жанындағы БАҚ қызметкерлерінің шатырлары да авиациялық соққыға ұшырады. Бұл шабуылдан 2 адам, оның ішінде бір журналист қаза тауып, тағы 9 адам, соның ішінде 6 БАҚ қызметкері жарақат алды.

Газа секторындағы денсаулық сақтау саласының деректеріне сәйкес, атысты тоқтату туралы келісімді бұза отырып, Израиль армиясы жасаған басқа шабуылдардан тағы 15 палестиналық қаза тапты.

Израиль армиясы 18 наурызда атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Газа секторына қарқынды шабуылдарын қайта бастады.

7 сәуір, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.