Атырау, 4 шілде 16:47
 дождьВ Атырау +32.1
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Теңізден жоғалған балықшылардың денесі табылды​

850 рет қаралды

Құрманғазы ауданында Каспий теңізінің жағасынан теңізге балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен екі адамның денесі табылды. Оқиға 3 сәуірде болған.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар.

-  Олар 1 сәуірде балық аулау үшін Каспий теңізі бағытына "Новинск" каналы арқылы катермен шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді, 3 сәуірде "Каспий таңы" өндірістік кооперативінің қызметкерлері балықшылардың денелерін жағадан 70 шақырым қашықтықтан тапты, - деді ТЖД.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 сәуір 2025, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.