Атырау, 11 сәуір 19:45
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Атырау облысында 330 шақырымнан астам электр желісі жаңартылады

476 просмотра

Атырау облысында биыл бес ауданда: Қызылқоға, Жылыой, Индер, Махамбет және Құрманғазы аудандарында 339,6 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы «Атырау Жарық» ЖШС бас инженерінің орынбасары Қуанышбек Джумиев хабарлады.

Оның айтуынша, инвестициялық бағдарламаға жабдықтарды жаңарту, электр энергиясын есепке алуды автоматтандыру, қосалқы станциялар мен әуе желілерін техникалық қайта жарақтандыру кіреді.

Индер мен Жылыойда сегіз трансформаторлық қосалқы станцияның жабдықтары жаңартылмақ. Оның ішінде, Авангард, Вокзал маңы және Балықшы ықшам ауданында жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар салынады. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында ұзындығы 5,6 шақырым болатын электр желісінің өткізу қабілетін арттыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауданда 110 кВ-108 әуе желісіне модернизация жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында шамамен 26,1 шақырым әуе желісі толықтай жаңартылып, ескі бағаналар ауыстырылады. 

«Барлық жұмысты 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін толық аяқтау жоспарланған», - деді Джумиев.

 Атырау қаласында және аталған аудандарға электр желілерін қысқа тұйықталудан және шамадан тыс жүктемеден қорғайтын автоматты 16 дана ажыратқыш орнатылады.

Бұл шараларды жүзеге асыру өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын айтарлықтай арттыруға, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасын жақсартуға және желілердегі апаттар санын азайтуға мүмкіндік береді.

7 сәуір, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16