Атырау, 11 сәуір 1514
 ашықВ Атырау +8
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Қызылқоға ауданындағы ауылдарда құм көшкінінің алдын алу жұмыстары басталды

380 просмотра

Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз, Қарабау, Қаракөл, Жасқайрат және Бүйрек ауылдарында құмды біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. Ауылдардың айналасына орнатылған қоршаулар үйлер мен басқа да нысандарды құм көшкінінен қорғауға арналған.

Жұмыс ауқымы:

- Сағыз - 11,5 га

- Қарабау – 6,0 га

- Қаракөл – 16,0 га

- Жасқайрат - 0,45 га

- Бүйрек - 0,5 га қамтиды. 

Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВТЫҢ айтуынша, жоба екі жылға есептелген, аяқталуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған. Өсімдіктерге күтім жасау да қарастырылған. Жұмыстарға бөлінген 648 млн теңгенің 583 млн теңгесі игерілген. Бас мердігер – «Еділ строй сервис» ЖШС мемлекеттік сатып алу порталы арқылы таңдалды. Таңдау критерийлерінде компанияның тәжірибесі, салық төлемдері және қаржылық көрсеткіштері қамтылды.

– Жұмыстар кестеге сәйкес 15 сәуірде жердің кебуіне қарай басталады. Мердігер қыстан шыққан сексеуілдерді, орнатылған қамыс қоршауларын тексеріп, суару мәселесін шешуге кіріседі, - деді Жантоқов.

Қазіргі уақытта ағаш бағаналар, сетка-рабицалар, қамыс қоршаулар орнату жұмыстары аяқталды.

Айнұр САПАРОВА

7 сәуір, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16