Атырау, 11 сәуір 1910
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын тағы да растады

264 просмотра

5 сәуірде ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының атынан Энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты, деп хабарлайды деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.

Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысты. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.

7 сәуір, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16