Атырау, 23 желтоқсан 13:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бекіре балықтары үшін алған жазасы үш жылға шегерілді

311 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Атырау қалалық №2 соты 2024 жылғы 17 тамызда үйінен 90 келіге жуық бекіре тұқымдас балық пен 146 грамм уылдырық табылып, тәркіленген жергілікті тұрғын К.Ж.-ның ісін қарады. Сирек кездесетін өнімдер үйдегі тоңазытқышта заңсыз сақталған.

Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 5- тармағы ("Жануарлардың сирек кездесетiн түрлерін заңсыз сақтау") бойынша  кінәлі деп тапты. Жануарлардың қорғалатын түрлеріне қатысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру үкімі шықты.

Алайда сотталушының үш кішкентай баласы бар болуына байланысты жаза үш жылға кейінге шегерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 сәуір, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.