Атырау, 11 сәуір 18:59
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

«​Көктемнің әр күні жылға азық»​: Атырау облысының дала еңбеккерлері егіске кірісіп кетті

417 просмотра

Биыл облыс бойынша 240 шаруа құрылымында және жеке секторларда 9653,7 гектарға егін егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 638,7 га картоп, 3070 га көкөніс, 1415 га бақша және 4530 га мал азықтық дақылдар егіледі деген есеп жасалған. Бұл өткен жылға қарағанда анағұрлым артқанын көрсетеді. Су тасқынынан өткен жылы махамбеттік тауар өндірушілері бұл мүмкіндіктен айрылып қалған еді. Облыс бойынша 9453 гектар жер жыртылып, орындалысы 96 пайызды көрсетіп тұр.

Жалпы көктемгі дала жұмыстарына 780 ауыл шаруашылығы техникалары қатысатын болады, оның ішінде 450 трактор, 330 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары бар. 

- Көктемгі егіс жұмысындағы 24 шаруа қожалығына 148 тонна жеңілдетілген дизель отыны беріледі. Мұны "Танжаров М. И" ЖК литрін 255 теңгеден наурыз, сәуір айында жеткізуді міндетіне алған болатын. Дизель отынының көлемі шаруашылықтардың өтініміне сай анықталды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері Азат ҚАПАНОВ. 

Көктемде қажетті тұқымдар Атырау қаласындағы әлемдік тұқым өндіруші компаниялардың дистрибьторы болып табылатын "Галион Агро" ЖШС-нен сатып алынуда. Ал картоп тұқымдары Қазақстанда және Ресей Федерациясындағы Астрахан, Волгоград қалаларынан табылуда. Жалпы 1916,1 тонна картоп, 3,68 тонна көкөніс, 2,83 тонна бақша, 72,48 тонна мал азығы тұқымдары қажет еді. Тыңайтқышты да ертерек сатып алуды жоспарлаған ШҚ бар. Мәселен, 56 ШҚ 918 тонна тыңайтқыш, 869,5 тонна селитра, 48,5 тонна аммофос алуды көздеп отыр. 

А. Қапанов сондай-ақ маусымдық жұмысқа шетелдік азаматтарды жұмысқа тарту үшін 670 квота бөлінгенін айтады. Соның 203-не рұқсат беріліп, жұмысқа тартылған. Жергілікті егіншілер қосымша жұмыс қолы қажеттігі басты проблемаға айналып отырғанын жасырмайды. Бұл қиындықтан ауыл адамдарына күндік еңбекақы беріп, жұмысқа тартуда.

Егістікте қызу еңбек бар. Ауа райы райланып, топырақ қызса, егіншілер көшеттерін отырғызуды жаппай бастамақшы. Ал күні бүгінде дала еңбеккерлері үлдір астына егуді бастап та кеткен болатын. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

7 сәуір, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16