Атырау, 4 қазан 06:51
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Америкалық БАҚ-та Семей полигонына қатысты шулы мақала жарық көрді

1 941 просмотра

Семей полигонында шашылып жатқан қалдықтардан атом бомбасын құрастыруға болады. Осындай шулы мақала АҚШ-тың белді басылымы "The New York Times" те жарық көрді деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал мұндай мәлімдемеге Гарвардтық Белфер орталығы ғалымдары мен Америкадағы ядролық қару дайындаумен айналысатын зертхана жетекшісі Зигфирд Хекердің баяндамалары арқау болыпты.

Хекердің пайымынша, байытылған уран мен плутоний қалдықтарынан тағы 10 шақты "лас бомба" әзірлеуге болады. Яғни мұндай жарылғышты дайындау үшін радиоктивті қалдықтың өзі жеткілікті екен. Бұл қауіпті қалдықтар лаңкестердің қолына түсе ме деген үрей де бар дейді ол.

Беделді басымдағы бұл мақала талайлардың үрейін ұшырғаны анық. Дегенмен америкалық әріптестерінің сөзін Курчатовтағы отандық ғалымдар жоққа шығарып отыр.

"Бұрынғы полигонда радиоктивті металдар бары рас. Бірақ олар жер астында көмілген. Оларды алып шығу үшін милиардтаған қаржы керек. Және одан бомба құрастыруға тек арнайы өндірістік кешенде ғана мүмкіндік бар. Кез- келген кісі жарылғыш зат құрастуы мүмкін деген ақылға қонымсыз", - дейді Ұлттық ядролық орталық радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко.

20 тамыз 2013, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.