Атырау, 11 сәуір 19:23
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

​Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүруде

215 просмотра

QazaqGaz басшылығы Қашағандағы ГӨЗ құрылысының барысын тексерді, жұмыстар кестеге сай жүруде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  

Ұлттық компания басшылығы апта сайын Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексеруде. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1300-ден астам жұмысшы мен 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс алаңында үнемі аудит жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, өндірістік бақылаудың бес қадамдық формасы енгізілген. Жұмысшылар жеке басты қорғау құралдары, тәулік бойы медициналық көмек және төтенше жағдайлардан сақтандырумен қамтылған. Құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігі бойынша мамандандырылған ұйым жұмыс істейді.\

Құрылыс және монтаж жұмыстарының қазіргі барысы: 

  • Құрылысқа қажет инертті материалдар жеткізілуде 
  • Іргетас жұмыстары: 38 884 м³ (58%)
  • Құрал-жабдық монтажы: 2 218 тн (22,1%)
  • Металл құрылғылары монтажы: 2 554 тн (13,2%)
  • Жерасты құбырлар монтажы: 12 193 м (30%)

ГӨЗ  құрылысы кестеге сай жүруде. Жобаны дәл уақытында аяқтау үшін қосымша ресурстар тартылды.

7 сәуір, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16