Атырау, 25 сәуір 1323
 ашықВ Атырау +19
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

Ардагер журналист Халық қаһарманы атанған ұшқыштың атына берілген көшені сынады

Бейнежазба
420 просмотра

Әлеуметтік желіде ардагер журналист Жұмабай ДОСПАНОВТЫҢ Атырау топырағында өмірге келген, Халық қахарманы Хиуаз ДОСПАНОВАҒА берілген көшенің сиқын көрсеткен бейнежазбасы тарады.

- 19 жасында майданға өз өтінішімен аттанып, 305 мәрте әскери тапсырманы орындаған батыр қызымызға көрсетілген құрметті қараңыздар. Мынаны Хиуаз Доспанова атындағы көше деп айта аламыз ба? Мұнайлы астана Атыраудың бір шетінде өте тар, жол төселмеген, жауын-шашында балшыққа былғанып жататын көше бұйырыпты. Бұл не масқара?! - дейді Ж. Доспанов күйіне. 

Осы жөнінде Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИНГЕ хабарластық. Ол дереу бұл жайтты анықтау үшін мамандар жіберлгенін айтқан еді. Артынша мына тұрғыда жауап келді: "Атырау қалалық Мәслихатының және Атырау қалалық әкімдігінің бірлескен шешім-қаулысымен бұрынғы Зелинский көшесі Хиуаз Доспанова көшесі болып өзгертілген. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімін басқа көшеге беру қарастырылады". 

Ал көрсетілген көшеге жол салу мәселесі ашық күйінде қалды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 сәуір, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.