Атырау, 8 сәуір 19:42
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Атыраулық ерекше балалар Ташкенттен бас жүлдемен оралды

941 просмотра

Атыраудан шыққан ерекше талант иелері халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Нұрлы Fest» халықаралық фестивалінде атыраулық өнерпаздар «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Жүлделі орын иеленген өнерпаздар - «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері. Орталықтан 22 бала халықаралық додаға қатысып, этно-ансамбль құрамында өнер көрсетті. Ансамбльдің ерекшелігі - дәстүрлі ұлттық аспаптарда ойнауы. Балалар асатаяқ, барабан, тамбурин сынды аспаптармен сахнада шеберлік танытты.

«Біздің балалар сөйлемегенімен, бәрін түсінеді. Олар сау балалармен бір сахнада өнер көрсетті. Бұған дейін де түрлі қалаларға барып, концерт қойып жүргенбіз. Сахнаға бейімделген, өзін еркін ұстай алады. Бұл жолы да ерекше дайындықпен барып, бас жүлдені иелендік», - дейді орталық жетекшісі Тыныш Жақыпова.

Халықаралық фестивальдегі бұл жеңіс - тек өнердің емес, рух пен төзімнің де жеңісі. Алдағы уақытта балалар Бурабайда өтетін тағы бір халықаралық байқауға жолдама алып отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 сәуір, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.