Атырау, 23 қараша 14:23
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ертiс өзенiнде зардап шеккен азаматтардың шығынын Ресей тарапы көтереді

1 535 просмотра

Ертiс өзенiнде зардап шеккен азаматтардың шығынын Ресей тарапы толығымен өз мойнына алады. Бұл туралы бүгiн ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«2013 жылдың 17 тамызы күнi Омбы қаласында Ертiс өзенiнде «Полесье-8» жолаушылар теплоходы жүк баржасыменсоқтығысып қалған болатын. Қазақстан Республикасының Омбы қаласында орналасқан консулдығынан келiп түскен мәлiметке сәйкес, соғысу салдарынан 40-тан астам адам әртүрлi деңгейде жарақат алған. Соның iшiнде 3 Қазақстан азаматы бар. ҚР азаматшасы, 1955 жылы туылған Эмма Постникова алған жарақаты салдарынан сол күнi, 17-шi тамыз күнi Омбы қаласының 4-шi медицина-санитарлық бөлiмшесiнде көз жұмды»,- дедi Н.Айтмаханов.

Қайтыс болған азаматшаның ұлы 1977 жылғы Денис Постников қазiргi уақытта Омбы қаласының №1 жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлiмiнде, ал тағы бiр қазақстандық, 1971 жылы туылған Ольга Першина ауыр халде қалалық ауруханасында жатыр.

«ҚР Омбы қаласында орналасқан консулдық қызметтерi Омбы әкiмшiлiгiмен және басқа да құзыреттi органдармен тиiстi және қаза тапқан, жарақат алған қазақстандықтардың туыстарымен тиiстi байланысты орнатты», - деп атап өттi ол.

«Омбы қаласындағы бiздің консулдықтан келiп түскен ақпараттарға сәйкес бүкiл шығындар, оның iшiнде мәйiттi Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлем ақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi, яғни Ресей тарапы өз мойнына алады. Ақысы әзiрге нақты айтылған жоқ, белгiлi болған кезде қосымша хабарланады», - дедi ол.

19 тамыз 2013, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.