Атырау, 12 сәуір 0558
 ашықВ Атырау +10
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Катар Израильдің Сирияға жасаған шабуылын айыптады

1 042 просмотра
Сурет: АА

Катар Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптады және халықаралық қауымдастықты аймақтағы шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды АА.

Катардың Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Израильдің Сирияның бес аймағына жасаған әуе шабуылдары елдің егемендігі мен бірлігіне қол сұғу және халықаралық құқықты өрескел бұзу деп бағаланды. Сонымен қатар, Катар Сирияның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайтынын, сондай-ақ сириялықтардың қауіпсіздік пен тұрақтылықта өмір сүру құқығын қолдайтынын растады.

Соңғы шабуылдар барысында Израиль әскері Хама әуежайы мен оған жақын аудандарға, Хомс провинциясындағы Т4 әскери әуежайына, Дамаск қаласындағы әскери инфрақұрылымға, сондай-ақ Дараа провинциясының батысындағы аудандарға минометтік және артиллериялық шабуылдар жасаған. 

Сирияның SANA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дараа провинциясындағы шабуылдардан 9 бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген азамат жарақат алған.

4 сәуір, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16