
Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ немесе Индустриялық парк құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті Eurasia Construction Capital Co Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Сапар барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бірінші кезеңде инвестициялардың болжамды сомасы 100 млн АҚШ долларын құрайды.
Корпорация халықаралық инженерлік жобалар, сауда, интеллектуалды технологиялар, муниципалды көгалдандыру және экологиялық технологиялар қызметтерін біріктіреді. Компанияның қызметі Қытай, Ресей, Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Таяу Шығыс (Кувейт, Оман, Сауд Арабиясы) және Оңтүстік Азия (Пәкістан) елдерін қамтиды.
Осы жеке арнайы экономикалық аймақты құруға 7 ірі компания қатысуға ниетті, олардың ішінде ішінде:
1) Shanghai Zhuoran Engineering Technology Co., Ltd., - ірі мұнай-химия қондырғылары үшін жетекші қызмет интеграторы. Өзінің патенттерімен, «А» класты жобалау лицензиясымен және өндірістік қуаттылығымен компания мұнай-химия өнеркәсібінде технологияларды, жобалауды, өндіруді және құрылысты біріктірудің жаңа моделін жасады;
2) Ningxia Qinglong Pipe Industry Co., Ltd - құбыр жүйелерін жобалауға, өндіруге және қызмет көрсетуге маманданған. Сумен жабдықтау және жел энергетикасын қоса алғанда, ұлттық жобаларға қатысады;
3) Shenzhen Zhongke Zhiqing New Energy Technology Co., Ltd - Көміртекті бейтарап қондырғыларға маманданған, күн мен жел энергиясын пайдаланып, CO₂ шығарындыларын 100%-ға азайтады;
4) Jiangmen Paint Factory Co., Ltd - еритін және су тоттануға қарсы жабындар, кемелер, автомобильдер, өнеркәсіп үшін арнайы бояулар шығарады;
5) Zhejiang Paluofen New Materials Technology Co., Ltd - минералды мақтадан шатыр мен қабырға панельдерін жасайды;
6) Hubei Liyu New Building Components Co., Ltd - құрама бетон конструкцияларын өндірумен айналысады;
7) Jiangsu Luye Construction Co., Ltd - құрылыс қалдықтарын жол материалдарына өңдеуге маманданған.
«Біз осы жобаны толығымен қолдай отырып, Қазақстанда жоғары өңделген өнім өндірісін құру ниетіңізді жоғары бағалаймыз. Бүгін оны іске асыру туралы ниетке қол қою рәсімі болды, біз оны енгізу үшін қажетті мәселелерді жедел қарастырамыз», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Парк құрудың негізгі мақсаттары:
- зерттеу, өнеркәсіптік өндіріс және стартап-инкубация орталығын құру;
- процестерді оңтайландыру, энергияны үнемдеу және ластануды азайту үшін «жасыл» технологияларды енгізу;
- озық халықаралық инновациялар есебінен Қазақстан өнеркәсібінің дамуын жеделдету.