Атырау, 25 желтоқсан 04:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда «Бұл менің ағашым» акциясы өтті: балалар үйіне 200 тал жеміс ағашы отырғызылды

1 160 рет қаралды

Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Jana jastar» волонтерлік ұйымының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бұл — менің ағашым» акциясы өткізілді.

Акция барысында студенттер, оқушылар және белсенді жастардың қатысуымен «Шаңырақ» балалар үйінің ауласына 200 жеміс ағашы отырғызылды. Олардың қатарында шие, алма, алмұрт ағаштары бар.

- Бүгінгі шараның басты мақсаты — балалар үйінің ауласына жеміс ағаштарын егіп, өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. Осы орайда наурыз айында алғашқы 100 ағашты отырғызсақ, бүгін, міне, қалғандары егілді. Осындай игі жұмыстар әлі де жалғасын табады,- деді Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Мутигуллин.

Айта кетейік, егілген ағаштарды әрі қарай күтіп-баптау "Шаңырақ" балалар үйі тәрбиеленушілерінің жауапкершілігінде болмақ.

4 сәуір, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.