Атырау, 8 сәуір 2307
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​АМӨЗ булану алаңына аққу оралды

843 просмотра
Сурет: ҚМГ

Атырау мұнай өңдеу зауытының булану алаңына аққу қонды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі. 

Зауыттың тазарту қондырғыларын жаңғыртудың нәтижесінде ағынды судың сапасы артып, булану алаңдарындағы экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұнда аққулар, сонымен қатар үйректер мен шағаланың бірнеше түрі мекендейді. Жыл сайын Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар да ұя салуға ұшып келеді.

2019 жылдан бері Атырау мұнай өңдеу зауытында Tazalyq жобасы жүзеге асырылып келеді. Бастама ағынды суды тазарту тиімділігін арттырып, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. 

Жоба аясында зауыттың механикалық тазарту қондырғылары жаңартылды. Қазір кешен сағатына 1 000 текше метр су тазартып, айына орташа есеппен 20 мың текше метр мұнай шламын өңдейді.

2023 жылдан бері Tazalyq жобасы аясында булану алаңдарының зауытқа тиесілі жалпы аумағы 860 га құрайтын бөлігіне рекультивация жүргізілуде. Аумақ төрт секторға бөлінген. Бірінші және екінші сектор толықтай құрғатылды. Қалған бөлігін қалпына келтіру шаралары зауыттың ағынды суын ағызу бағыты анықталғаннан кейін басталады. 


4 сәуір, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.