Атырау, 8 сәуір 20:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​"Әзіл болды": Атырауда балалар үйінің тәрбиеленушісін ұрған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

833 просмотра

Естеріңізге сала кетсек, Атырау қаласындағы «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйінің жүргізушісі 15 жастағы тәрбиеленушіні аяқ киіммен ұрған сәті бейнеленген видео 2024 жылы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда резонанс тудырған еді. Осы оқиғадан кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушінің жасөспірімді ұру дерегі расталған. Алайда, жәбірленуші бұл жағдайды әзіл ретінде қабылдағанын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Осыған байланысты, заңнамаға сәйкес, жәбірленушінің шағымының болмауына орай іс тоқтатылды.

Айта кетейік, оқиғаға байланысты жарияланған келесі видеода тәрбиеленуші ер адамның «Гитлер», «фашист» деп әзілдегені үшін ұрғанын, бірақ ол бұл сөздердің мағынасын толық түсінбегенін айтып, түсініктеме берген болатын.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 сәуір, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16