
Әлеуметтік желіде жас жігіттің Атыраудағы Жайық өзенінің жағалауын видеоға түсіріп жатқаны және қалжыңдап Канадада жүргенін мәлімдеген видео пайда болды. Алайда қолданушылардың назарын аударған оның лаңкестік ұйымның аты жазылған футболкасы болды.
Өтіп бара жатқан адамдар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жігіт туралы полицияның ресми Telegram-арнасына хабарлаған.
Түсініктеме алу үшін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан едік, бірақ ақпарат жарияланған кезде ресми жауап келген жоқ.
Анықтама үшін:
«Вагнер» ЖӘК– Евгений Пригожин негізін қалаған ресейлік жеке әскери компания. 2014 жылдан бері Украинада, одан кейін Сирия мен Африкада әрекет еткен, қарамағында ауыр техника мен авиация бар.
ЖӘК адам құқықтарын бұзу, соның ішінде әскери қылмыстар жасады деп айыпталған. Бірқатар елдерде бұл ұйым террористік деп танылып, оған қарсы санкциялар салынған.
2023 жылдың 23-24 маусымында «Вагнер» ЖӘК жауынгерлері Ресейде қарулы бүлік жасады. 2023 жылы 23 тамызда Евгений Пригожин мен командир Дмитрий Уткин ұшақ апатынан қаза болды. Осыдан кейін ЖӘК-ны негізін қалаушының ұлы Павел Пригожин басқарды.
Айнұр САПАРОВА