Атырау, 9 қазан 14:35
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Атырау облысына сәуір айына 7,4 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді

1 420 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлайды. Сонымен қатар, Энергетика министрлігінен қосымша 2 000 тонна сұйытылған мұнай газын бөлу туралы сұраныс жасалуда. 

- Қазіргі уақытта Атырау қаласы мен аудандардағы автогаз құю бекеттеріне осы көлемдегі сұйытылған газды тарату жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады басқарма өкілдері. 

Ресми мәліметке сәйкес, өңірде 101 автогаз құю бекеті жұмыс істейді. Қазіргі таңда сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры жасақталған, сондықтан газ тапшылығы болмайды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 сәуір 2025, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.