
3 сәуір күні таңғы сағат 04:00-де Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылындағы Амангелді көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен өрт шыққаны туралы 101 қызметіне хабарлама түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дүкен мен оған жалғанып салынған дәмхананың өртке оранғанын анықтады.
Тілсіз жау жалпы 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның ішінде 360 шаршы метр төбе жабындысы мен 200 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар жанып кеткен.
Өрт сағат 06:21-де оқшауланып, 06:58-де толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Өртті ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД-ның 14 құтқарушысы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Әлеуметтік желіден алынған видео