Атырау, 8 сәуір 09:18
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Атырау жылу жүйелері жоспарлы сынақтар туралы ескертті

1 060 просмотра

«Атырау жылу жүйелері» АҚ ағымдағы жылдың 8-9 сәуірінде магистралды жылу желілерінде жылу тасымалдағыштың есептік температурасына жоспарлы сынау жүргізілетінін хабарлайды. Сынақ кезеңінде жылыту және ыстық сумен жабдықтау желілерінде температура параметрлері көтеріледі.

Компания үй-жайлардың ішкі температурасын төмендету мақсатында оларды қарқынды желдетуді ұсыныады, осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Қала тұрғындарын термиялық күйік алудан сақтану үшін жылу құбырларына 10 метрден кем қашықтықта жақындамауды, қауіпті аймақта балаларды, үй жануарларын, автокөлікті және басқа да жеке заттарды қараусыз қалдырмауды өтініп сұрайды.            

Жылыту тұрбақұбырларында судың ағуы мен құбыр жарылуы  болған жағдайда, 32-22-58, 99-43-98, 99-43-07 телефондары, Е-mail:  atyrauteplo@mail.ru бойынша дереу хабарлауды сұрайды.

3 сәуір, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16