
Маңғыстау облысының әкімі болған Алик Айдарбаев Ресейлік «Лукойл» компаниясында жоғары лауазымға кірісті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Айдарбаев «Лукойлдың» Қазақстандағы құрылымында теңіз жобалары жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады.
Дегенмен, «Лукойл» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа ресми түсініктеме бермеді. PR-бөлім өкілі корпоративтік ережелерді алға тартып, пікір білдіруден бас тартқан.
Алик Айдарбаев 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды. Кейін Инвестициялар және даму вице-министрі, 2018-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-да басқарма төрағасы болған.