Атырау, 8 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Қазынашылық органдары жолға жұмсалатын қаржыны бақылауды бастайды

369 просмотра

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша автомобиль жолдарын реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау күшейтілді. 

2024 жылғы желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мұндай бақылау қажет екені анықталды. Аудиторлар автожолдарды бюджет есебінен реконструкциялау жөніндегі жобаларға қазынашылық сүйемелдеу қолданылмайтынын анықтады. 

Бақылаудың бұл формасы алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және мемлекет қаражатын мақсатсыз тәуекелдерін төмендетеді. Жоба мерзімдерінің бұзылу ықтималдығын азайтады және жұмыстардың қатаң түрде бекітілген қаржыландыру шеңберінде орындалуын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазынашылық комитетіне аталған олқылықты жою туралы тапсырма берілді. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні автожолдарды реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шарттар қазынашылық сүйемелденумен қоса аумақтық қазынашылық органдарында тіркелуге жатады

Бұл ақпарат орындау үшін барлық өңірлерге жеткізілді. 

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата Комитетке аумақтық бөлімшелер жұмысындағы кемшіліктерге талдау жүргізіп, оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. 

Нәтижесінде Комитет алқасы өткізіліп, оған барлық аумақтық қазынашылық органдарының басшылық құрамы қатысты. Мемлекеттік аудит қорытындылары қаралып, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша басқа нұсқаманың орындалуы толық аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

3 сәуір, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16