Атырау, 8 сәуір 1106
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Алматыда шетел азаматтары мыңдаған SIM-картамен ұсталды: олар алаяқтық жасады деп күдіктелді

368 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен үш шетелдік азаматты ұстап,  жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.


3 сәуір, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16