
Жылыой ауданы Құлсары қаласында көпқабатты үйлердің қасбеті Қазақстанға белгілі тұлғалардың көрнекті суретімен қоса рухани азық беретін дана сөздерімен безендірілуде.
Күні бүгінде қаланың орталығындағы Ұ. Абрахманов көшесіндегі үйлер сыртына салынған. "Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек" деген сөзімен бірге ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі ерекшеленіп тұр.
Сонымен бірге Бауыржан Момышұлы, Меңдекеш Сатыбалдиев, Қабиболла Сыдиықұлының, жерлікті ақын Аманқос Ершуовтың бейнелері көркемделген.
- Аталған жоба қалпның көрікті келбетін арттырып қоймай, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға және өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беруге бағытталған, - дейді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ.
Бұл бейнелерді Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының түлектері Мейірбек Бақтиярұлы, Асылбек Бақтияр, Мирас Жангужиев салып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА