Атырау, 8 сәуір 13:26
 ашықВ Атырау +16
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Армия орталық спорт клубында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый залы ашылды

227 просмотра

Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жаңа ауыр атлетика залын ашты.

Қорғаныс ведомствосы басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Армия орталық спорт клубында ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанына Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімі берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спорт қоғамдастығы және АОСК-ның атақты спортшылары қатысты.

Анатолий Храпатый – ауыр атлет, бес дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Өмірінің соңғы жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеді. Спортшы 2008 жылдың тамызында қайғылы жағдайда қаза тапты.

Сапар барысында министр күрделі жөндеуден өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес залын, спортшылардың даңқ мұражайын, футбол алаңын, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады.

Қорғаныс министрі басшылықтың алдына Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды.

3 сәуір, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.