Атырау, 8 сәуір 0637
 ашықВ Атырау +18
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Атырауда жаңа ипотека жүзеге асырылады

597 просмотра
Сурет: homeportal.kz/orda

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) «Орда Аймақ» ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылатыны туралы хабарлайды.

Жаңа ипотекалық бағдарлама ҚТК кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ҚТК кепілдігімен үлескердің инвестициялары қорғалатынын білдіреді: құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда, ҚТК үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді.

Бағдарламаның шарттары:

  • Қарыз сомасы – 1-ден 75 млн. теңгеге дейін;
  • Қарыз мерзімі – 12 айдан 240 айға дейін;
  • Бастапқы жарна – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20% бастап;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 15,9% (СЖТМ 17,26% бастап 22,81% дейін);
  • Қарыз алушының жасы – 21 жастан бастап.

Атырауда осы бағдарлама бойынша екі тұрғын үй кешені қолжетімді:

"Ағылшын кварталы" тұрғын үй кешені

Пайдалануға беру күні: 13.04.2025

Объектінің мекенжайы: Атырау қ., Ақ Шағала ы/а, Ж.Төлепов көшесі, 17 б 

Құрылыс салушы: "I BIGMA KZ" ЖШС

Elorda Residencе тұрғын үй кешені

Пайдалануға беру күні: 13.04.2025

Объектінің мекенжайы: Атырау қ., Нұрсая ы/а

Құрылыс салушы: "Атырау Ж.Б.И.-2005" ЖШС

«Отбасы Банк» АҚ – да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу «Орда Аймақ» бағдарламасына қолданылмайды.

Өтінімдер «Отбасы Банкі» АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады.

Сонымен қатар, құрылыс кезеңіндегі тұрғын үйдің құны дайын пәтердің нарықтық бағасынан айтарлықтай төмен болатыны, бұл жылжымайтын мүлікті тиімді бағамен алуға мүмкіндік беретіні де атап өтіледі.

Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында orda.homeportal.kz танысуға болады.

Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз:

  • +7 7172 79-75-75;
  • 8 800 080-44-48 (қоңырау шалу тегін)
2 сәуір, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16