Атырау, 8 желтоқсан 23:44
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

78 қазақстандық Украинадағы соғыста қаза тапты — украин жобасының деректері

542 рет қаралды

Украинаның әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабының «Хочу жить» жобасы Ресей жағында Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысу үшін жалданған 661 Қазақстан азаматы туралы деректерді жариялады.

Жоба авторларының мәліметінше, жалдамалылар тізімі Ресей әскери қолбасшылығындағы дереккөзден алынған деп айтылады. 2024 жылдың соңына қарай жалпы тізімнен кемінде 78 адамның қаза тапқаны расталды.

«РФ армиясының қолбасшылығындағы “біздің жігіттерден” біз Украинаға қарсы соғысып жатқан немесе соғысқан Қазақстан азаматтарының тізімін алдық. Бүгін біз оны өзгеріссіз жариялаймыз. Біздегі деректерге сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай 661 жалдамалының кемінде 78-і қаза тапты. Бұл тек қаза тапқан күні мен жерленген орны туралы нақты ақпарат бар адамдар. РФ Қарулы Күштерінің шығындарын есептейтін еріктілер 2024 жылдың қазан айында Украинада қаза тапқан этникалық қазақтардың саны 3000-нан асқанын жазған», – деп хабарлайды жоба авторлары.

Сондай-ақ басылым Қазақстанда жалдамалылықтың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызылғанын атап өтеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, қарулы қақтығысқа жалдамалы ретінде қатысу мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасында жалдамалылық қылмыстық жазаланатын әрекет екенін атап өткіміз келеді. Ресей армиясының қатарында аман қалғандар үйіне оралғаннан кейін 12 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу және мүлкін тәркілеу қаупіне ұшырайды. Қазақстан өз заңнамасын ұстанады, және Украинаға басып кіруге қатысқан жалдамалыларды үнемі ұстап, түрмеге отырғызады. Тіпті соғыс аяқталғаннан кейін де Украина біздің елге келіп, украиндарды өлтіріп, үйлерімізді қиратқан үшінші елдердің азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бар күшін салады», – деп атап өтті жоба авторлары.
2 сәуір, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.