
Жөндеу жұмыстары мамыр айына жоспарланған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстары келесі көшелерде жүргізіледі:
Ерниязов көшесі;
Жарбосынов көшесі;
Нұрсая ықшамауданы, 16-көше (Бейбарыс-Әбілқайырхан аралығы);
Азаттық даңғылы;
Молдағұлова көшесі;
Махамбет көшесі;
Абай көшесі;
Әбілқайырхан даңғылы.
Бұған қоса, бірқатар магистральді жолдар мен көшелер қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда:
Сәтпаев даңғылы;
Жастар көшесінен Еркінқала ауылына дейінгі жол;
Атырау-Индер бағыты (0-10 км);
Алмалы-1, 2 пусковой жолдары;
Гагарин көшесі;
Бигельдинов көшесі;
Бейбарыс даңғылы;
Атырау-Астрахань тас жолы;
Әбілқайырхан даңғылынан Сарықамыс ықшамаудары арқылы Жастар көшесіне дейінгі жол;
Атырау-Астрахань тас жолының Сарыөзекке дейінгі бөлігі.
- Жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын «АтырауИнжСтрой» АИС, МКДСМ, «КазСервисГрупп», «КазахДорСтрой», «ДостықСпецТранс» секілді мердігер мекемелер атқарады. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, деді жолдар бөлімінен.
Самал ықшамауданы тұрғындарының мәселесі қаралуда
Самал ықшамауданы 25-көшенің тұрғындары көктем келген сайын көшенің батбаққа айналатын 600 метрлік бөлігіне шағымданып келеді. «Жаңбыр жауған сайын ми батпаққа батып, үйімізге кіре алмай қаламыз. Жедел-жәрдемнің келуі қиын. Көшемізге кезінде толықтай жол төселмей қалған», – дейді 25-көше тұрғындары. Ұзындығы бір шақырымдай бұл көшеге бұған дейін 400 метр асфальт төселіп, қалған 600 метр бөлігі қара жол күйінде қалған.
Жолдар бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған көшенің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан кейін, жол құрылысына қаржы бөлінетін болады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ