
Былтырғы су тасқыны тұрғындарды қала жағажайларындағы демалыстан айырды. Биыл да жағдай қайталанатын сияқты. Оның үстіне он жылға жағажайларды сенімгерлік басқаруға алған компаниялар оларды абаттандырудан үзілді-кесілді бас тартты.
Бұл таңқаларлық жағдай емес. Былтырғы су тасқынынан кейін қала тұрғындарының жазғы демалыс орындарынан қалған аумақты абаттандыру – көп еңбекті қажет ететін және жақсы ат бермейтін жұмыс. Оның үстіне су қоймасының жағалау сызығы да өзгерген.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қазір суға қолайлы кірілмейді: жағалаудан небәрі екі метр жерде тереңдік күрт екі метрге жетеді. Ал жылдам ағын көп қоқыс әкелуде. Жағажайлардың өздері де құмды емес, көбінесе сазды болып қалған.
Құтқарушылар тасқын аяқталғанға дейін қауіпсіздік мақсатында суға түспеу дұрыс деп есептейді, бірақ соңғы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайтынын нақтылады. Қалалық әкімдік осы аралықта ашық байқау негізінде жаңа қожайындарды іздестіруде, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Айта кетсек, өткен жылы шомылу маусымы мүлде ашылмады және Атырау облысының бүкіл аумағында Жайыққа кіруге тыйым салынған еді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА