Атырау, 13 сәуір 0053
 бұлттыВ Атырау +12
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

​Биыл үш айда ҚТЖ 3,6 млн тонна астық тасымалдады​

343 просмотра
Сурет: gov.kz

2025 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ 3,6 млн тонна астық тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға артық. Экспорт 2,8 млн тоннаны (+52%), ал республикаішілік тасымал 788 мың тоннаны (+38%) құрады, деп хабарлайды otpannews.kz.

ҚТЖ компаниясының мәліметінше, Иранға астық жөнелту 11 есе, Балтық елдеріне 10 есе, Қытайға өңделген астық өнімдерін, оның ішінде құрама жемді тасымалдау 5,5 есе артты (500 мың тоннадан асты).

Наурызда ҚТЖ тағы бір рекорд орнатып, 1,2 млн тонна астық тиеді (+63%). Ішкі тасымал 43%-ға (290 мың тонна), экспорт 70%-ға (914 мың тонна) өсті.

Орталық Азия елдеріне экспорт 48%-ға артып, Қырғызстанға (6 есе), Тәжікстанға (+80%), Өзбекстанға (+28%), Түрікменстанға (+18%) ұлғайды. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында тасымалдау 18 есе, Қара теңіз порттары арқылы — 35%, Балтық порттары арқылы — 26%, Балтық елдеріне 10 есе артты.

2 сәуір, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16