Атырау, 5 сәуір 1959
 ашықВ Атырау +13
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Жамбыл облысында ана өлімі фактісі бойынша тергеу басталды

320 просмотра
Фото: freepik.com

Жамбыл облысы Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастады.

Тексеру жүргізу кезеңінде Шуй ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан шеттетілді.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс шығарылды.

Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын бұзуға жол берген басқа адамдарға қатысты да жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысының әкімімен өңірлік босандыру қызметі жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылады.

Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ведомство басшысы Тараз қаласында вице-министр Е.Нұрлыбаевтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізуді тапсырды, оның шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша жедел шаралар әзірлеу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымдарына мониторинг жүргізуге бастамашылық жасады.

Бұдан басқа, Шу көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің төсектерін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді өңірлендірудің II деңгейіне сәйкес келетін аудандық орталық аурухана деңгейіне ауыстыру жоспарлануда.

2 сәуір, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16