
Forbes 2025 жылға арналған әлемдегі миллиардерлердің тізімін жариялады. Тізімге бірден жеті қазақстандықтың есімі енгізілген. Олардың жалпы байлығы жылына 13,4 миллиард долларға өскен, ал тізімдегі бірнеше кәсіпкер АҚШ президенті Дональд Трамптан да бай болып шықты.
"Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов әлемдік рейтингте 386 позицияға жоғарылап, 605-ші орынға жайғасты. Оның байлығы бір жылда 3,3 млрд доллардан 5,8 млрд долларға дейін өсті. Бұл 2025 жылы байлығы 5,1 млрд долларға бағаланған Дональд Трамптан да көп."
Forbes 2025 жылғы әлемнің ең бай адамдар тізіміне жеті қазақстандық кәсіпкерді енгізді: Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Владимир Ким, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, сондай-ақ Болат Өтемұратов.
Вячеслав Ким — Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Оның байлығы 7,1 млрд доллар, ол әлемдік тізімде 464-орында.
Михаил Ломтадзе — Kaspi.kz серіктесі, оның байлығы 5,9 млрд доллар, ол 597-орында.
Тимур Турлов — Freedom Holding негізін қалаушы, оның байлығы 5,8 млрд доллар, ол 605-орында.
Владимир Ким — KAZ Minerals және Қазақмыс акционері, оның байлығы 5,7 млрд доллар, ол 620-орында.
Тимур және Динара Құлыбаевтар — Алмэкс холдингінің басшылары, олардың әрқайсысының байлығы 5,3 млрд доллар, олар 673-орынды бөлісіп отыр.
Болат Өтемұратов — ForteBank акционері, оның байлығы 3,7 млрд доллар, ол 979-орында.
Әлемде ең бай адам кім?
Тізімде көш бастап тұрған Илон Маск, оның байлығы 342 млрд доллар (жылына +147 млрд).
Марк Цукерберг - 216 млрд доллар (+39 млрд)
Джефф Безос - 215 млрд доллар.
Ларри Эллисон – 194 млрд доллар
Бернар Арно – 178 млрд (-55 млрд за год)
Forbes әлемнің ең бай 20 адамынан алынған мәлімет бойынша олардың жалпы байлығы 2,8 трлн доллар деп бағаланды.