РУСАЛ бірнеше зауытында алюминий шығаруды тоқтатты, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар.
РУСАЛ компаниясының директорлар кеңесі биыл ақ металлдың өндірісін 357 мың тоннаға азайтуға шешім қабылдады.
РБК агенттігінің хабарлауынша, «Русалдың» қожайыны және бұрынғы бас директоры Олег Дерипаска қаржылық қиыншылықтарға байланысты Волгоград, Орал, Богословск, Надвоицк және Волховск алюминий зауыттарының электролиз өндірістері жабылады деп мәлімдеген. Оның айтуына қарағанда бұл кәсіпорындарда өндіріс алюминийдің бағасы тоннасы 2,4 мың долларға жеткенде ғана қалпына келмек.
Биыл алғашқы алты айда компания 439 млн доллар шығынға батқан. Олар былтыр алғашқы жартыжылдықта пайдамен шыққан еді.
«Русал» компаниясы 2007 жылы «Русал» ААҚ-ы, «СУАЛ» ААҚ-ы және Glencore International AG компанияларының бірігумен құрылған. Әлемдегі ірі алюминий және глинозема өндіруші. Компанияның 19 елде активтері бар. 2012 жылы «Русал» 4 млн 173 мың тонна алюминий өндірген.